Семинар: «Психикалық ауру. Шизофрения».
2022 жылдың 17 наурызы күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында Н.В.Склифосовский атындағы Мәскеу клиникалық медицина институтының және И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің қызметкерлерінің қатысуымен «Психикалық ауру. Шизофрения» тақырыбында семинар өткізілді.
С.С.Корсаков атындағы Мәскеу психиатрия клиникасының қызметкерінің «Шизофренияның клиникалық құрылымын есепке ала отырып, тиімді антипсихотиканы таңдау» тақырыбында оқылған баяндама үлкен қызығушылық танытты. Сондай ақ, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары И.А.Мамедов және дәрігер-сарапшы А.А.Терлоев баяндама оқыды.