Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер наркологы Ж.А. Надыркулов Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №56 орта мектебінде «Темекі жаман, спорт ғажап» тақырыбында жоспардағы оқу-дәріс өткізді. Өздәрісіндедәрігер:«Темекі шегу – бұл көрер көзге жағымсыз, иіс сезу мүшесі үшін төзгісіз, миға зиянды, өкпеге қауіпті әдет екенін,темекі шегудің тағы бір зиянды тұстары ол – ауыздан жағымсыз иіс шығып, тіс сарғаяды, тамақ қабынып, әрдайым түтіннен тітіркенуіне байланысты көз қызаратынын тілге тиек етті. Темекі шегудің зияны сол – негізгі аурулар кезінде ол өкпенің қатерлі ісігін, созылмалы бронхитті, қан тамырларының ауруларын туғызады. Темекі шегуге психикалық бұзылыстары бар адамдардың көбірек шалдығатынын зерттеулер растады. Психикалық бұзылыстары бар адамдардың психикалық бұзылыстары жоқ адамдарға қарағанда 40%-ға көбірек темекі шегетіні анықталды. Темекі шегу мен психикалық бұзылыстар өзара бірін-бірі күшейтетініне дәрігерлер сенімді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әрбір бесінші адам темекі тұтыну себептеріне байланысты қайтыс болуда. Егер мұны өз жағдайымызға сәйкестендірсек, онда жыл сайын біз 500 мың адамды жоғалтудамыз! Олардың қатарында сен, сенің ата-анаң, балаларың, достарың мен құрбыларың болуы ықтимал. Кәдімгі темекіні шегуді тастаған соң шылымқор зиянды әдеттен арылды деп айту қиын. Тәуелділікті қалыптастырған никотин электронды темекіні тастауға мүмкіндік бермейді, темекі шегуге деген психологиялық құштарлық та қалады» деп жас балғындарға мұндай жаман әуестіктен аулақ болуларын, спортпен шұғылданып, салаутты өмір салтын ұстану болашақтарының жарқын белесі деп түсіндірді.