Суицид бойынша семинар-кеңес
4 наурыз күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Бурашева С.Т. Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері арасында өз өзіне қол жұмсау факторланын себептері және алдын алу, суицидтік мінез құлықты болдырмау мақсатында семинар- кеңес өткізді. Депрессия физикалық және психикалық тұрғыдан жеке тұлғаның сезімі мен ойлауына әсер етеді және отбасынан, жұмысынан және достарынан алыстатуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл мазасыздықты және басқа психологиялық бұзылуларды тудыруы мүмкін.Депрессияның алдын алу шаралары бойынша тұлғаның өзіне көңіл бөлуі, өз-өзіне деген құрметпен қараған жағдайда депрессияның алдын алуға болатынын, өздерін жақсы көруге, жақсы нәрселерді ойлауға бейімделу керектігін түсіндіріп, оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмек туралы толық мағұлмат берді.
Шара барысында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға психиатр дәрігер жауап берді.