«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
2024 жылдың 29-шы қаңтар күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында қызметкерлер арасында жиын өткізілді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпаратпен таныстырып, видеоматериалдар көрсетілді.