Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
2023 жылдың 30 қаңтар күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес міндет» тақырыбында қызметкерлер арасында жиын өтті . Жиын барысында жемқорлықтың шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне өзгеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет ететіндігі жайлы видеоматериалдар көрсетіліп, жиын қатысушыларына буклеттер таратылды.