Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері
Бүгін 2019 жылдың 27 мамырында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында Орталықтың бас дәрігері Ж.Т. Жексембиев қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге арналған жиналыс өткізді. Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму, нарықтық экономика құрылысы, инвестиция тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта отырып, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын білу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін қоғамның барлық топтарының жүйелі күш-жігері қажет екені атап айтылды. Сонымен қатар жиналыс барысында осы өзекті тақырыпқа арналған бейнеролик көрсетілді.