Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы дәрігер психиатр: Оспанова Д. М Тараз қаласы «Аlem» профессионалды білім колледжінде «СӨС. Өмір ғажап, бекерге тәуекелге барма» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн дәріс өткізді. Дәріс барысында зиянды заттардың адамның денсаулығына және өміріне зиянды екенін түсіндіріп, зиянды заттардан аулақ болуға, тәуелденген жағдайда дер кезінде ем қабылдауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дәріс соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, толықтай жауап берілді.