Тәуелсіздік күні!
15 желтоқсан Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесіне орай жиын өткізілді.Жиында орталықтың бас дәрігері Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы құттықтау сөзімен бастап , Тәуелсіздік күнінің Қазақстан тарихындағы маңызына тоқталып, қол жеткізген табыстары жайлы айтылып, береке мен тыныштықтың ғұмыры ұзак болып, еліміздің аспаны ашық, мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін деген ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қатар медицина саласындағы қөп жылғы жемісті еңбегі және денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі еңбектері үшін бірқатар қызметкерлерге денсаулық сақтау басқармасының,Тараз қалалық мәслихаты хатшысының және кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табыс етілді. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.