Тәуелсіздік күні!
14 желтоқсан Тәуелсіздік күні меркесіне орай Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында “Нұрлы Отаным-Тәуелсіз Қазақстан”атты мерекелік жиын өткізілді.Жиында орталықтың бас дәрігері Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы құттықтау сөзін сөйлеп, Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасын атап өтті.
Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз және олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге екенін жеткізді.
Сондай-ақ “AMANAT” партиясы “Сенім” бастауыш партия ұйымның мүшелеріне ерекше мазмұнды кітаптар сыйға тартылды.
Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, әрбір азаматтың өмірі бақыт пен қуанышқа толсын. Қазақстанымыз гүлденіп, абыройы арта берсін.Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!
Видео плейер