УЖД-158/2 психологтарының семинары.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде ағымдағы жылдың 10 маусымында «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарының 1, 2 тармақтарын жүзеге асырумақсатында, ЖД-158/2 мекемесінің психологтарының ұйымдастыруымен «Сотталғандарды стресс және күйзелістен шығу жолдары» атты тақырыбында іс-шараөткізілді. Іс-шараны ЖД-158/2 мекемесінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі – Даулеткулов АмиржанБақытұлы және САТжӘПЖ бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны – Ибраимова Гульжан Жалбықызы ұйымдастырды. Меморандум талаптарын жүзеге асырумақсатында шақырылған Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы – ОспановаДинара Маратбековна, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Таразқалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психолог маманы – Қалқабаева Бота Аркабаевна келіп сотталғандармен психологиялық тұрғыда әңгіме-сұхбат жүргізіп, бойындағы үрей, қорқыныштан, күйзеліс, өмірден түңілу сезімдеріненарылудың жолдарын айтып түсіндіріп, әдіс тәсілдер көрсетті.
Бұл іс-шараның мақсаты сотталған азаматтардың арасындакүйзеліс, стресс кезінде және өмірден түңілу сәттерінде адамның денсаулығына зиян тигізбей шығу, эмоцияға берілмеу, теріс қылықтарға бой алдырмау, дұрыс шешімқабылдау, сабырға келу кеңестері беріліп, «Ашу дұшпан, ақыл дос – ақылыңа ақыл қос» деген Қазыбек бидің нақыл сөздерімен тарқастық.