Халықаралық балаларды қорғау күні.
Бүгін 31- мамыр Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында балалар бөлімшесінің балаларына арналған ерекше мереке ұйымдастырылды.Шараға бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары Мамедов Интизам Анвер-оглы, балалар бөлімшесінің меңгерушісі А.Г. Ризаматов ,психиатр дәрігер Р.А.Цой және кәсіподақ ұйымының хатшысы М.М.Миразизов қатысып құттықтау сөздерімен балаларға жылы лебіздерін білдірді.Мерекеге қатысқан әр бүлдіршінге арнайы сыйлықтар табыс етілді.Біз бұл күнді жыл сайын балалар үшін есте қаларлық етуге тырысамыз себебі балалардың өмірі мен денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық көрсету және ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу басты міндетіміз.
Сіздерді 1 маусым «Балаларды қорғау» күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандары ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!