Халықаралық медбикелер күні.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында бас дәрігер Серік Дүйсенәліұлы Жетібаевтың басшылығымен 12 мамыр- Халықаралық медбикелер күніне орай жиын өткізілді.
Жиында бас дәрігер өз кәсіптеріне деген адалдықтарына, науқастарға мейірімге толы көзқарастары мен ізгі ниеттері үшін алғысын білдіріп,Орталықтың жұмысын мінсіз атқарып жүрген,денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және саланың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлерге төсбелгі,Алғыс хат және құрмет грамоталарын табыс етті.
Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларыңызға береке тілейміз!