Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні » орай іс-шара ұйымдастырылды. Оған орталықтың пациенттерінен құралған 2 команда қатысты. Жарыстың өтуіне бөлімше меңгерушілері, психолог және әлеуметтік қызметкерлер үлестерін қосты. Іс-шара барысында «Есірткісіз болашақ » ұранымен плакаттарға сурет салу мен спорттық жарыстар өткізілді. Шара барысында пациеттер белсенді қатысып, өздерінің нашақорлық мәселесіне байланысты теріс қөзқарастарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.
Салауатты –өмір салтын ұстану мақсатында орталықта алдағы уақытта осы сынды түрлі іс-шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылатын болады.