
Ағымдағы жылдың 4 маусымы күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай жиын өткізілді.

Жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздердің маңыздылығы туралы кеңінен айтылды.