Қала мектептеріндегі дәрістер.
Жамбыл облыстық білім басқармасының орта мектептерінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігерлері мен психолог мамандары «Жақын жандардың қолдауы – үмітсіздікке қарсы ең жақсы қару» тақырыбында жоспарға сай дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға денсаулыққа зиян келтірместен стресстен арылудың жолдары туралы ақпарат ұсынылды.