Қаржыгер күні.
15 қараша Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев орталықтың қаржыгер мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап естелік сыйлықтарын табыстады. Бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты. Сіздердің еңбектеріңіз білім және қаржылық сауаттылықпен қатар, жауапкершілікті талап етеді. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа белестерге жете беріңіздер деген ізгі тілегін білдірді.