ҚР Президентінің жолдауы бойынша
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында «Аманат» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Сенім» бастауыш партия ұйымында жиналыс өткізілді. Жиында орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев , президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында оның маңызды бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Бүгінде президентіміздің бастамаларының басым көпшілігі жүзеге асып, бірқатар жұмыстары жалғасын табуда. Жолдаудың ең басты мақсаты халықтың әл-аухатын арттыру,тұрмысын жақсарту болып табылатындығы айтылды.Партия мүшелерінің тарапынан ұсыныс пен сұрақтар қойылып, өз ойларын жеткізді.