ҚР ҰҚК Шекара қызметінде дәріс.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Ж. А. Халыков ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде «Өзіңе қол жұмсау тығырықтан шығатын жол емес» тақырыбында жоспарға сай дәріс оқыды. Дәріс барысында барлық қатысушыларға денсаулыққа зиян келтірместен стресстен құтылу жолдары туралы ақпарат ұсынылды.