Құрметті ата-аналар, кәмелетке толмаған балалардың қамқоршылары!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында психоактивті заттарды қолданатын балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған наркологиялық көмек көрсетіледі. Консультация мен емдеуді жасырын түрде алуға болады. Стационарлық көмек ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі, мамандар наркологиялық терапия, жалпы күшейтетін емдеу курсын жүргізеді, психологтар топтық және жеке сабақтар өткізеді.
Мекен-жайы: Тараз қ. Бейбітшілік, 99