Құттықтаймыз!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы денсаулық сақтау саласында көп жылғы жемісті еңбегі және коғамдық өмірге белсене арласып жүрген ардагер Т.І.Әшірбаеваға КР Денсаулық сақтау министрі А.Ш.Әлназаровның Тәуелсіздік күніне орай жазған құттықтау хатын табыс етті.
Өзінің құттықтау хатында министр денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар қызмет көрсетіп,көп жылғы адал еңбегін және облыс пен елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан айрықша үлестерін атап өткен.
Сонымен қатар орталықтың №1 бөлімшесінде ұзақ жылдар бойы тындырымды жұмыс атқарып келген,дәрігер-терапевт С.Л.Калашниковаға құрмет көрсетіп, тәжірибелі қызметі үшін алғысын білдіріп, зейнет жасына шығарып салды.Орталықта арнайы киімді жуатын машенист қызметін атқарушы Д.Ж.Құрманбекованы 60 жасқа толуымен құттықтап,жылы лебізін білдірді.Сіздерге улкен бақыт,денсаулық,отбасыларыңызға амандық тілеймізІ