Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында дәріс.
Жамбыл облыстық білім басқармасының Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Р. А. Цой «Үміт пен сенім – стресске қарсы қару» тақырыбында жоспарлы дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға денсаулыққа зиян келтірместен стресстен арылудың жолдары туралы ақпарат ұсынылды.