№3 мектеп-лицей оқушылары арасында дәріс.
Жамбыл облыстық білім басқармасының № 3 мектеп-лицейінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері Д. Б. Батиш 24 адамды қамти отырып « Жақындардын қолдауы –үмітсіздікке ең жақсы қару » тақырыбында жоспарлы дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға денсаулыққа зиян келтірместен стресстен арылудың жолдары туралы ақпарат ұсынылды.