10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні.
Психикалық денсаулық денсаулықтың ажырамас бөлігі болып табылады.Психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады.Психикалық денсаулықтың проблемалары және оны насихаттау жолдары, сондай-ақ психикалық бұзылыстардың алдын-алу және емдеу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «Ашық есік» күні өткізілді.