8 Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған жиын өткізілді.
Жиында Орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев барлық әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтап,шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілегін жолдады. Абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі екені, біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі екенін атап өтті.
Жиынның бір бөлігі өңірдің өркендеуіне ,орталықтың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген нәзік жандыларды марапаттау рәсімімен жалғасты.
Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбектері үшін бірқатар қызметкерлер төсбелгімен ,Құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Құрметті арулар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс – құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!