Джумалиев Бақыт Карагуловичке
Кайырлы күн! Жамыл облыстық психикалық денсаулық орталығының №5 бөлімінің нарколог дәрігері Джумалиев Бақыт Карагуловичке алғысымды білдіргім келеді.Осы ауруханада 15 күн ем алып жатқанда маған көрсеткен көмектері және маған жасалған емдері үшін.Күнде уақытылы жағдайымызды бақылап,қөңіл бөлді.Бұл жердегі барлық қызметшілерде қамқорлықтарын көрсетіп жанашыр бола білді.Осы кісілердің арқасында кәзір жазылып өзімді жақсы сезінемін.Сіздерге жұмыстарынызға табыс ,сәттілік,мықты денсаулық тілеймін.
Таңатбаева Ләззат Сауранбекқызына
Мен Тараз қаласының тұрғыны анонимді түрде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігер Таңатбаева Ләззат Сауранбекқызына алғыс білдіргім келеді. Осы ауруханаға ұлымды ішімдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге алып келгенімде маған көп көмегі тиді. Қажетті құжаттарды уақытылы дайындап,ұлымды емдеуге жаткызды. Менің жағдайымды түсініп жылы сөздермен қолдауын көрсетті. Қазір ұлым осы ауруханада қажетті емін алып жатыр. Арухананың барлық қызметкерлеріне соның ішінде №3 бөлімшенің қызметкерлеріне улкен рахметімді айтамын.Жұмыстарынызға сәттілік,дендеріңізге саулық тілеймін.