Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында 5.03.2021 ж. 8-ші наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиында жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері: Жетібаев С.Д. Аналар өмірдің гүлі, әр отбасының алтын діңгегі, мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екенін айта келе, барша ұжымды атаулы мерекемен құттықтап марапаттады. Медицина саласына қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін және қоғамдық жұмысқа белсене араласқандары үшін, дәрігерлер мен медбикелерге алғыс хат пен құрмет грамоталарын табыс етті. Барлық қызметкерлерді шын жүректен құттықтап, отбасыларына бақыт, барлық бастамаларға сәттілік және еңбекте жетістік тіледі.