Адам өміріндегі күйзеліс. Күйзеліспен күресудің жолдары
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Оспанова Динара Маратбекқызы Тараз қаласының №60 орта мектебінде «Адам өміріндегі күйзеліс. Күйзеліспен күресудің жолдары» тақырыбында жоспарға сай дәріс өткізді.
Күйзеліс – ұзаққа созылған енжар, жабырқаңқы көңіл-күйді сипаттайтын ішкі сезім жағдайы, ол күнделікті өмір сүру қабілетіне әсер етеді. Кез келген адам өзінің қажыр-қайратын қалыпты ұстауы керек. Күнделікті уақытын тиімді, мақсатты пайдалануға дағдылану аса қажет. Сонда ғана өзінің ісі мен өміріне көңілі толып, қажетсіз ойдан арылады. Қандай жағдай болмасын барлығының шешімі бар, тек өз-өзінді тәртіпке салып, қызықты іспен айналысуға уақыт бөліп, спортпен жүйелі түрде айналысып, алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс пайдаланудан, темекі, есірткі тартудан, сонымен қатар сізге кері әсерін тигізетін жағдайлардан аулақ болу керек екендігі туралы ақпарат берілді. Оқушылардын сауалдарына жауап берілді.