8 Наурыз!
Жамбыл облыстык психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай жиын өтті.Жиында орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев ұжымдағы барша нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.Өмірін адам саулығына арнайтын ұжымға алғыс айтып, денсаулық сақтау басқармасының және өз атынан “Алғыс хатын” бірқатар қызметкерлерге табыстады.Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, жанұяларыңызға береке, байлық тілейміз!