ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері арасында түсіндіру жұмыстары.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Тұрсынбекова Ақерке Әзімбекқызы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері арасында «Маскүнемдік және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алкогольдік ішімдік ішу, нашақорлық адам ағзасында қандай аурулар тудыратынын және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берді.