«Астана» көпсалалы колледжінде дәріс.
Жамбыл облыстық білім басқармасының «Астана» көпсалалы колледжінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы А.А. Әбдіқалықова студенттер үшін «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні (1 желтоқсан)» Сіз мұны біліп, есте сақтауыңыз керек! Нашақорлық және ЖИТС» тақырыбында дәріс оқыды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі заттарын қолданудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.