27.01.2023
«Жасөспірімдер суицидтері» тақырыбындағы конференция.
2023 жылғы 27 қаңтарда Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында«Жасөспірімдердегі суицидтер»тақырыбы бойынша конференция өткізілді. Конференция жұмысына «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» ҰБО психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, профессор Ешімбетова Саида Закировна спикер ретінде сөз сөйледі.
Конференцияға қалалық және аудандық емханалардың жалпы тәжірбиелік, психиатр дәрігерлері, психолог мамандары, психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігерлері қатысты. Сондай ак ювеналды полиция инспекторлары, білім басқармасының өкілдері, мектеп психологтары және жауапты мамандар он-лайн форматта қосылды. Конференцияға қатысушылар суицид себептерін талдады.
Конференция барысында балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық денсаулықты нығайтуға, суицидтің алдын алу және суицид деңгейін төмендету мақсатында өзекті ақпарат ұсынып, өзара пікір алмасып, мәселені шешу жолдарын кеңінен талқылады.