Тараз өңірлік гарнизонындағы кездесу.
Тараз өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасында ҚР Қорғаныс министрі бекіткен «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай жоспары шеңберінде жеке құрамның қатысуымен Облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы А. Ә. Тұрсынбековамен кездесуі өтті.Кездесу барысында салауатты өмір салтының маңыздылығы және алкоголь мен есірткі заттарының зияны туралы толық ақпарат берілді.