Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.
«Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖК МКК мекемесінің қызметкерлері, және жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлермен жиналыс өтті.
Жиналыста Орталықтын комплаенс офицері Э.Даулетжанова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы баяндама оқылды.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.