Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері арасында дәріс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің арнайы шақыруымен Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы, дәрігер – нарколог А.А.Шатеев әскери қызметшілерге «Маскүнемдік және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесуде маскүнемдік – алкогольді ішімдіктерді жүйелі түрде қолданудан туындаған, оларға патологиялық тартымдылықпен, психикалық және физикалық тәуелділіктің дамуымен сипатталатын ауру түрі екені және оны оның барлық салдары туралы кеңінен айтылды.Салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі заттары мен алкогольдік сусындарды қолданудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.