Байқау кеңесінің отырысы.
2023 жылдын 8 желтоқсанда Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры К. С. Алтынбековтын қатысуымен және облыстық мәслихат депутаты Умаров Г.М. сондай-ақ тағы да басқа байқау кеңесінің мүшелерінің қатысуымен кезекті Байқау кеңесінің отырысы өтті .
Орталықтың орынбасары Алимбекова А.А. орталық ғимараттарын күрделі жөндеу, зертханалық-диагностикалық бөлімшесін одан әрі техникалық жарақтандыру қажеттілігі мәселелерін атап өтті. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығын қаржыландыруға, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тапсырысының көлемін өзгертуге көп көңіл бөлінетінін жеткізді.
Байкау кенес отырысы барысында, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалтуды енгізу ерекше әлеуметтік маңызға ие екендігі айтылып, пациенттерді емдеу және оңалту сапасын одан әрі дамыту мен жақсартудың маңызды мәселелері талқыланды.