Қала мектептеріндегі дәрістер
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог- дәрігерлері мен психолог мамандары Тараз қаласы білім бөліміне қарасты мектеп,колледж және мектеп-интернаттарында оқушылар мен білімгерлер арасында «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні (1 желтоқсан).Өмірдегі басты құндылықтар – Денсаулық, еркіндік, махаббат, бақыт, өзіңмен бейбітшілік! Есірткіге сізден мұның бәрінен айыруға жол бермеңіз!» тақырыбында жоспарға сай дәріс, дөңгелек үстел өткізді. Дәріс барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС-тің жұғу,таралу жолдары, алдын алу шаралары, туралы толық мағұлмат беріліп, қатерлі кеселге қарсы тұру үшін зиянды әрекеттерден аулақ болуды, салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңестер берілді, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.