N12 мектеп-гимназия оқушылары арасында дәріс.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері Бәтіш Д. Б. Тараз қаласындағы №12 мектеп гимназия оқушылары арасында «Психикалық денсаулық және өмірге оң көзқарас» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға стресстен денсаулыққа зиян келтірместен арылудың жолдары туралы ақпарат ұсынылды.