N15 мектеп-гимназия оқушылары арасында дәріс.
Жамбыл облыстық білім басқармасының № 15 мектеп-гимназиясында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Л.Д. Омарова оқушыларға «Біз сау ұрпақ үшін, Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында оқушылар арасында жоспарға сай дәріс өткізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі заттарын қолданудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.