N16 орта мектеп оқушылары арасында дәріс.
Тараз қаласы білім бөлімінің Д.М. Карбышев атындағы № 16 орта мектепте Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.Г.Абдуганиева оқушыларға » 7-сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні. Салауатты өмір салты сәнді!Алкогольдің, темекінің,есірткінің жасөспірімінің ағзасына әсері» тақырыбында жоспарға сай дәріс өткізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және алкогольдік ішімдіктерді, темекі өнімдерін, есірткі заттарын тұтынудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.