N27 орта мектеп оқушылары арасында дәріс.
Жамбыл облыстық білім басқармасының № 27 орта мектебінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері Т. Ж. Болотбекова «Қараңызшы. Сіз жалғыз емессіз. Депрессияны болдырмау үшін не істей аламыз» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға денсаулыққа зиян келтірместен стресстен арылудың жолдары туралы ақпарат ұсынылды.