N31 орта мектеп оқушылары арасында дәріс.
Тараз қаласының білім бөлімі ұйымдастыруымен № 31 орта мектепте іс-шара өтті. Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы психолог Л.Т. Абдрасилова қатысып оқушыларға «Синтетикалық есірткіні, электронды темекіні, алкогольді қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.Салауатты өмір салтын қалыптастыру және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.