N36 орта мектеп оқушылары арасында дәріс.
Тараз қаласы №36 орта мектебінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Әбдісаттар Ғ. «Біз денсаулықты таңдаймыз» тақырыбында оқушылар арасында жоспарға сай дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, одан жиіркенуге, темекі – у екенін айтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жат қылықтан аулақ болуға шақырды.