12 ақпан күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Керимкулова Р.С., әлеуметтік қызметкер Абдикалыкова А.А., психолог Османов А.А. қатысуымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жоспар бойынша «Ертеніңді ойласаң есірткіге жолама» тақырыбында онлайн дәріс жүргізді. Дәрістің мақсаты – болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру. Іс –шара барысында білім алушылардың қойған сұрақтарына мамандар жауап берді және бейнеролик көрсетілді.