Есірткі-өлімге бір қадам
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Қабылжан Құрмаш Қабылжанұлы Жастар ресурстық орталығың мамандарымен бірлесіп, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Есірткі-өлімге бір қадам» тақырыбында білімгерлермен кездесу ұйымдастырылды. Зиянды заттарды қолданбау және алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру әр адамның өз жауаптылығында. Осы түсінікті насихаттау мақсатында өз ойларын ортаға салып, білімгерлерді салауатты өмір салтын ұстануға және ғасыр дерті болып табылатын есірткіге мүлдем жоламауға шақырды. Жиында бейнеролик көрсетіліп, білімгерлердің сауалдарына жауап берілді.