Жамбыл облыстық психиатриялық және наркологиялық қызметтері біріктірілді
2018 жылдың 27 желтоқсанында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 01.08.2017ж. № 575 бұйрығымен бекітілген «2017-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының психикалық денсаулығын сақтау қызметін дамыту бойынша Жол картасын», сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің 01.11.2018ж. «Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не қарасты кейбір мекемелерді қайта құру туралы» № 213 Қаулысына сәйкес «Жамбыл облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ МКК мен «Жамбыл облыстық психиатриялық диспансер» ШЖҚ МКК бірігуі арқылы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК болып қайта құрылды. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Жексембиев Жакып Түзелбайұлы бас дәрігердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.