Жамбыл облыстық психикалық орталығында
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында туберкулез патологиясымен психиатриялық бөлімінің толық толмауына байланысты қайта бейіндеу жүргізілді, 10 төсек орын қалдырылып, қалған 20 төсек орын басқа бөлімдердің құрылымдарына берілді. Сондай-ақ, балалар аутизмі диазгнозы бар балалардың ата-аналарының және «Я особенный» қоғамдық қорының өтінімі бойынша 2 ақылы палата ашылу жолымен ата-аналардың балаларымен бірге болуы мәселесі шешілді. Себебі балалар аутизмі диагнозымен мүгедектік алу үшін науқас бала 21 күн емдеуге жатқызылуы қажет. Сонымен қатар, мүгедекті алуды жеңілдету үшін МӘС-пен стационарлық емдеудің орнына стационарды алмастыру көмегі туралы шығару қағазын ұсыну бойынша келіссөздер жүргізілуде. Тағы айта кетерлігі, орталықта емделіп жатқан науқастарына арналған стоматологиялық кабинеті өз жұмысын жалғастыруда, кабинет заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, кедергісіз ем қабылдау үшін барлық жағдай жасалған.