Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы Төлебаевтың қатысуымен кездесу өтті
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы Төлебаевтың қатысуымен Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Дуйсенәліұлы Жетібаевтың басшылығымен 12 мамыр күні кездесу өтті.
Кездесу барысында орталықтың қызметкерлеріне адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын насихаттап және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет!