Зиянды заттардан бас тарт-өзіңе өмір сыйла!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Джумалиев Бактыбек Карогулович Тараз қаласының Кешкі орта мектебінде окушылар арасында «Зиянды заттардан бас тарт-өзіңе өмір сыйла!» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды, түрлі аурулардың барлығы осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру. Жасөспірімдерге үнемі салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дәріс соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кеңес берілді.