Казақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері С.Д.Жетібаев барша ұжымды атаулы мерекемен құттықтап, марапаттады. Медицина саласына қосқан үлесі үшін, атқарған ерең енбегі үшін және коғамнын жұмысына белсене араласқаны үшін дәрігерлер мен медбикелерге алғыс хатын, құрмет грамоталарын табыс етті. Барлық қызметкерлерді шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға бақыт, барлық бастамаларға сәттілік, зор жетістіктер тілейміз!