МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ
Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай Жамбыл облысық психикалық денсаулық орталығында салтанатты жиын өтті. Жиында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері, «Сенім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Дуйсенәліұлы Жетібаев меркемен құттықтап, Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұтуға, мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге шақырды. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт – санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екенін атап айтты. Жиын соңында партияға жаңадан қабылданған 15 азаматқа партиялық билет табыстады. Партиялық билетті алған азаматтардың қатарында орталықтың дәрігерлері және басқа да қызметкерлері бар. Олар бұл жауапкершіліктің маңыз зор екенін айтып, алдағы уақытта Президент бастамасын іске асыруда білек сыбана жұмыс істейтіндерін айтты.